Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде табысынан айырылған қазақстандықтарға қолдау көрсету жалғасатынын айтты. 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек бұрын тағайындалған азаматтарға беріле береді. Бұдан бөлек, 1,6 млн-нан астам адамның коммуналдық төлемдері өтеледі. Толығырақ мәлімет инфографикада көрсетілген.