Төтенше жағдай: БҒМ қызметкерлерінің 70%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшті

18 Наурыз 2020, 16:31
1344
Бөлісу:
Төтенше жағдай: БҒМ қызметкерлерінің 70%-ы қашықтықтан жұмыс істеуге көшті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР БҒМ қызметкерлерінің 70%-ы қашықтықтан жұмыс істейтін форматқа көшті. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбатов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ҚР БҒМ қызметкерлерінің 70%-ы қашықтықтан жұмыс істейтін форматқа көшті, арасында еңбек демалысына шыққандар да бар. Бұл шешім, ең алдымен, созылмалы ауруы бар, жасы зейнеткерлікке таяған және үйінде кішкентай балалары бар әріптестерге қатысты, - деп жазды министр.

Аймағамбетовтің айтуынша, ҚР БҒМ 14 наурызда қабылдаған №108 бұйрығына сәйкес мектеп каникулы кезінде мұғалімдердің 100% және қашықтықтан оқыту барысында колледждер мен ЖОО-ның оқытушылары қашықтықтан жұмыс істеуі тиіс.

Кеше қосымша білім беру, ПМПК, КППК қызметкерлеріне қатысты қосымша шешім қабылданды. Қазіргі кезеңде оларды ақы төленетін еңбек демалысына жіберу ұсынылды. Ата-аналар бүлдіршіндерін апармауды ұйғарған топтарда жұмыс істейтін мемлекеттік балабақша қызметкерлеріне де ақылы еңбек демалысын беру қажет. Сонымен қатар, білім беру және ғылым саласындағы басшыларды ұйымның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етумен айналысатын мамандардан өзге барлық қызметкерлерін ақылы еңбек демалысына жіберуге немесе қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруға тапсырма бердім, - деді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, министр азаматтарымыздың денсаулығын сақтауды ойлау және инфекцияның таралу тізбегін тоқтатуға күш салу маңызды екенін атап өтті. 

Бұл ретте өзін-өзі оқшаулауды қамтамасыз ету, қоғамдық орындарға бармау өте маңызды, - деп жазды БҒМ басшысы.

Өзгелердің жаңалығы