Новосібірде дәрігерлер бір жасар баланың басынан сегіз сона дернәсілін алып шықты. Мамандар мұндай жағдайдың жаз және күз айларында сирек кездесетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі "МК в Новосибирске" басылымына сілтеме жасап.
Хирургиялық операция жалпы анестезиямен жасалған. Дәрігерлер баланың басынан сона дернәсілдерін сәтті алып шыққан. Қазір сәби ауруханадан шығарылды, жағдайы жақсы. Дәрігерлердің айтуынша, жараны антисептикалық құралдармен жүйелі түрде өңдеу барысында ол бір апта ішінде жазылып кетеді.
Зақымдану оқиғасы аналық сона нәрестені шағып, жараға тері астына жұмыртқа салғаннан кейін болған. Дәрігер Денис Щетининнің түсіндіруінше, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі, бірақ көбіне жаз және күз айларында тіркеледі. Әдетте жәндік шаққан жерде тесігі бар үлкен ісік пайда болады. Дернәсілдер ауырсынуды басатын зат бөледі, сондықтан адам тек жеңіл қышуды ғана сезінеді.
Эпидемиолог Лариса Сенцованың айтуынша, соналар су айдындарының жанында, саябақтарда және бақша маңында кездеседі. Дернәсілдер аса қауіпті емес, бірақ жара қасылып, зақымданған жағдайда қабыну туғызуы мүмкін.