Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Төрт түлік көбейді, экспорт та артты – Сапаров

Олжас АДАЙ
8 Шілде 2025, 10:27
1032
Бөлісу:
 Үкімет баспасөз қызметі
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Мал шаруашылығы саласында оң динамика бар.  Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 40%-ы мал шарушылығына тиесілі. Биыл 5 айдың қорытындысы бойынша саладағы өндіріс көлемінің өсімі - 104,2% жеткен.

Бұл өсім сойыс салмақтағы еттің көлемін 3%-ға, сиыр сүтін 7,5%-ға ұлғайту есебінен қамтамасыз етілді. Ет өндіру көлемі бойынша ең жоғары көрсеткіштерге Алматы, Ақмола облыстары, ал сүт өндірісі бойынша – Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары қол жеткізді, - дейді министр.

Ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша мал басы тұрақты өсуде.

Жыл басынан төрт түлік басы қалай өсті?

Ірі қара 23,4%-ға артты (9,6 млн бас),

Ұсақ мал – 7,8%-ға (26,3 млн бас),

Жылқы – 12,2%-ға (5,0 млн бас),

Түйе – 8,5%-ға (321,3 мың бас),

Құс – 2,2%-ға (47,7 млн бас) өсті.

Өндіріліп жатқан өнім көлемі ішкі нарықты сиыр және қой етімен толық қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сиыр еті экспорты 1,4 есеге артты және 22 мың тоннадан асты, қой еті – 2,2 есеге өсіп, шамамен 18 мың тоннаға жетті, - дейді министр.

Жыл басынан өңделген мал шаруашылығында өңделген өнімдері өндірісі артты, оның ішінде шұжық өнімдері – 11,3%-ға, ет консервілері – 27,5%-ға, салқындатылған және мұздатылған қосалқы өнімдер тиісінше 41,9% және 47,1%-ға өсті.

Алайда, жекелеген өнім түрлері бойынша импортқа тәуелділік мәселесі әлі де өзекті. Осыған байланысты саланың бірқалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шара іске асырылуда, - дейді Сапаров.

Өзгелердің жаңалығы