Төрт рет екпе алған Pfizer компаниясының директоры коронавирус жұқтырып алды

16 Тамыз 2022, 06:33
1200
Бөлісу:
Төрт рет екпе алған Pfizer компаниясының директоры коронавирус жұқтырып алды

Америкалық фармацевтикалық корпорацияның атқарушы директоры Альберт Бурладан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Pfizer - BioNTech вакцинасының төрт дозасын алғаныма ризамын, өйткені қазір өзімді жақсы сезінемін, менен анықталған ауру белгілері білінер-білінбес. Оқшауланатын боламын, Paxlovid препаратын қабылдай бастадым, – деп ТАСС Бурланың сөзін келтіреді.

АҚШ президенті Джо Байден де алдында осы препаратпен емделгені айтылады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері АҚШ-та коронавирус инфекциясының 92 миллионнан астам жағдайы анықталды, тағы 1 миллионнан астам адам көз жұмды.

Өзгелердің жаңалығы