«Қазгидромет» РМК 8 сәуірде Өскемен, Риддер, Алматы қалаларында және түнде Атырау қаласында қолайсыз ауа райы жағдайлары қалыптасатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қолайсыз ауа райы жағдайлары (ҚАО) – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз ауа райы кезіндеелді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайды болжау (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).