6 қазанда Қазақстанның төрт облысында жел күшейіп, үсік жүреді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-батысқа ауысады. Сонымен қатар облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан облысының солтүстігі мен батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстікте, батыста, облыстың таулы аймақтарында шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, таулы асуларда екпіні 23 м/с жел тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді. Түркістанда күндіз шаңды дауыл соғады. Шығыстан соғатын жел, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.
6 қазанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с жел соғады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.