Төрт облыста 20 есірткі плантациясы табылды

7 Қараша 2023, 16:05
642
Бөлісу:
Төрт облыста 20 есірткі плантациясы табылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан облыстары мен Ұлытау облыстарында ұшу нәтижелері бойынша 20 есірткі плантациясы табылды. Жалпы салмағы 2,7 тонна болатын құрамында есірткісі бар өсімдіктердің 55 мың бұтасы жойылды, - деп айтты Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары.

Мәселен, Шиелі ауданындағы Ұлттық гвардия тікұшағында Қызылорда қаласынан 170 шақырым қашықтықта әуе барлауымен есірткі егісі табылды, онда салмағы 1,3 тонна 5,5 мыңнан астам қарасора бұталары жойылды.

Түркістан облысының Сауран ауданында аумақты айналып өту нәтижесінде өсірілген қарасора плантациясы жойылды. Жалпы салмағы 974 кг болатын 45 мың бұта жойылды. Алматы облысында үнді қарасорасын өсірудің үш фактісі анықталды. Мұнда жалпы салмағы 12 тоннаға жуық 3,3 мың бұта жойылды. Ауылардың бірінде бір ғана есірткі плантациясында осы өсімдіктің 7,7 тоннасы тәркіленді, - деп түсіндірді Бақытжан Әмірханов брифингте.

Жамбыл облысында Қорғаныс министрлігінің ұшқышсыз ұшу аппараттары 27 рет ұшты. Олардың ішінде 11-і қарасораның өсу орындарын анықтауға себепкер шарт болды. Ұшқышсыз ұшу аппараттарымен түзету кезінде 6 факті бойынша күдіктілер ұсталды.

Өзгелердің жаңалығы