Бокстан Астанада өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандық Төрехан Сабырхан төрт дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
67 келі салмақта сынға түскен Төрехан Мұхаммадазизбек Исмаиловты жеңді. Финалдық кездесуде қарсылас спортшы екі рет нокдаун алып үлгерді.
Осылайша Төрехан Сабырхан Азия чемпионатындағы алтындар санын төртеуге жеткізді.
Айта кетелік, одан бөлек бүгін Өнер Сейілхан, Толғанай Қасымхан, Аяжан Ермек, Алексей Хаванцев, Аяжан Сыдықтар өз салмақ дәрежелерінде топ жарды.