Мәжілістегі парламенттік тыңдауда палата спикері Ерлан Қошанов несие бойынша cыйақы мөлшерлемесін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол банктерді оңды-солды несие беруді тоқтатуға шақырды.
Айтуынша, елімізде несие алу шарты тым оңай.
Ойлап қарасаңыз, бүгін тіпті, 14-16 жастағы жасөспірімдер де онлайн несие ала алады. Ол үшін тек смартфон мен интернет болса болды. Бұл жаста қайдағы қаржылық жауапкершілік? Салдарынан олар үшін бұл несиелерді ата-аналары мен ата-әжелері төлейді. Адамдар ойланбастан несие ала бастады. Кейде мүлдем керек емес нәрселер үшін алады. Екі немесе одан да көп несиенің болуы әдеттегі жағдайға айналды. Содан кейін, осындай құлдықтан құтылу және адамдар бұрынғыларын жабу үшін жаңа несиелер алу мақсатында банктерге қайта-қайта жүгінуге мәжбүр. Мұндай мысалдар көп, - деп атап өтті Мәжіліс төрағасы.
Сонымен қатар ол адамдар банк келісімшарттарының талаптарын түсінбейді деп отыр.
Осы асығыс әрекеттердің барлығы кейін ажырасуға, алкоголизмге, суицидке, лудоманияға әкеледі. Қаржылық тұзақтан құтылғысы келетін адамдар «тез ақша табу» жолында қаржы пирамидалары мен мен алаяқтықтың оңай құрбанына айналады. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі – шамамен 1,4 трлн теңге. 1,7 млн адам қарызын уақытында төлей алмай отыр. Жеке тұлғаларға берілетін несиенің шектік сыйақы мөлшерлемесін төмендету керек. Осы несиелерді коллекторлық ұйымдарға сатуға толықтай тыйым салу қажет. Кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың жалғыз баспанасынан айырылып, далада қалуына жол беруге болмайды. Халықтың қарызын төмендету бойынша шараларды талқылап, нақты шешімге келейік, - деді Ерлан Қошанов.
Еске сала кетейік, бұған дейін 8,4 млн-нан астам қазақстандықтың несиесі бар екендігі туралы жазған болатынбыз.