Тоқаштан шыққан тышқан. Елордалық СЭС оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр
Тоқаштан шыққан тышқан. Елордалық СЭС оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр
<p>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оңалту мекемесінде орын алған жағдайға қатысты түсініктеме берді. </p>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті оңалту мекемесінде орын алған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
Қазіргі уақытта таралған ақпаратта көрсетілген өнімді дайындаушы мен жеткізушіні анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өткізген және қабылдаған іс-шаралар туралы алдағы уақытта хабардар ететін боламыз, - деп жауап берді ведомствоның баспасөз қызметі.
Республикалық балаларды оңалту орталығында балаларға берген ас-ауқаттан (коржиктен) тышқанның баласы шыққан. Сол жерде жатқан бір ана уланып, жұқпалы аурулар ауруханасына жөнелтілген. Тағам сапасының өте нашар екенін айтып ата-аналар шағымдануда, - деп жазды белсенді.
Белгілі болғандай, қоғам белсендісіне оңалту орталығында емделіп жатқан баланың анасы шағым айтып, фото мен видео жіберген.