Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының кестесі туралы айтып берді. Бұл туралы ол zakon.kz сайтына айтқан.
Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі қауырт. Мемлекет басшысы мемлекеттік органдар басшыларымен, жұртшылық өкілдерімен кездесулер мен кеңестер өткізіп, жоспарлы іс-шараларға қатысады.
Қасым-Жомарт Кемелұлы демалыссыз жұмыс істейді және туындаған мәселелерге жедел әрекет етеді деп айта аламын. Дағдарысқа қарсы күн тәртібімен қатар ол мемлекет дамуының ұзақмерзімді міндеттеріне: экономиканы қолдауға, әлеуметтік салаға көп көңіл бөледі, - деді Берік Уәли.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілердегі Президенттің кейбір жазбасы неге кешкі уақытта жарияланатынын түсіндірді.
Президенттің twitter-дегі кейбір жазбасы кешкі уақытта шығатыны рас. Мемлекет басшысы еліміздің тыныс-тіршілігінен әркез хабардар және бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде шығатын жазбаларды оқуға уақыт табады. Егер Қасым-Жомарт Кемелұлы қажет деп есептесе, ол қоғамдағы пікірталас тудырған оқиғаларға қатысты өз көзқарасын білдіріп, қажетті тапсырмалар береді. Жұмыс кестесі тығыз болған жағдайда мұндай жарияланымдар түнгі уақытта да пайда болуы мүмкін, - деп түсіндірді Уәли.
Президенттің баспасөз хатшысының пікірінше, Қасым-Жомарт Тоқаев, осылайша, барлық мемлекеттік қызметкерге үлгі болып, қазіргі қиын кезеңде қалай жұмыс істеу керегін көрсетеді.