Тоқаевтың Жаңа жылды қайда, қалай қарсы алатыны белгілі болды

27 Желтоқсан 2023, 16:45
734
Бөлісу:
Тоқаевтың Жаңа жылды қайда, қалай қарсы алатыны белгілі болды
Фото: pixabay.com

Бұл сұраққа ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Кazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Берік Уәли Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алатыны айтты. 

Мемлекет басшысы өзінің туған күнін де атап өтпейтінін білесіздер. Биыл мерейлі жасы болса да, Қытайда мемлекеттік сапармен жүрді. Ал, жаңа жылды Қасым-Жомарт Кемелұлы да бәріміз сияқты өзінің үйінде, дастарқан басында әулетімен бірге қарсы алады, - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Президент биыл 152 921 шақырым жол жүргені белгілі болған еді. 

Өзгелердің жаңалығы