Тоқаевтың Жаңа Қазақстан бағытындағы саясаты жақсы нәтиже көрсетіп отыр – Ван И

7 Маусым 2022, 12:18
1499
Бөлісу:
Тоқаевтың Жаңа Қазақстан бағытындағы саясаты жақсы нәтиже көрсетіп отыр – Ван И
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қытайдың Сыртқы істер министрі-мемлекеттік кеңес мүшесі Ван И Қазақстанның Сыртқы істер министрімен кездесуінде айтты. 

Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыл толуына байланысты көршілес елге келдік. Кеше ғана өткен референдумда жоғары көрсеткішке ие болуы Қазақстанның жақсы жұмыс істегенін көрсетіп отыр. Қазіргі кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Қазақстан бағытындағы саясаты жақсы нәтиже көрсетіп отыр, - деді ол. 

Ван И Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мырзамен келіссөздер жүргізенін айтты. 

Қазақстанмен келіссөздер 30 жыл бойына тиімді жүргізіліп келеді. Қазіргі жаңа тархихи кезеңде өзара қарым-қатынасты жалғастыра береміз. Дәстүр бойынша достастық ынтымақтастық та жалғасады. Тараптар дипломатиялық қарым-қатынасты үкіметаралық және басшылар деңгейінде жалғастырады. Алдағы уақытта экономикалық қарым-қатынасты дамытып, жаңа салаларда да жұмыс істейміз. ТрансКаспий мәселелерін де ілгерілету мақсаты тұр. 5G, электронды сауда бағыттарын да дамытамыз. Қытайдағы өткізу пункттеріндегі барлық жұмыс қапына келді. Әуе саласында да бағыттар қалыпқа келді, - деді Ван И.

Сапар аясында Қытай Сыртқы істер министрінің  Мемлекет басшысының қабылдауында болып, Орталық Азия-Қытай форматындағы Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысуы жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы