Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің Telegram парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың студент кезіндегі фотосы жарияланды.
Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды. Фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан.
Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл
Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым… Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін, - Президенттің сұхбатынан үзінді.