Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаевтың Наурыз атты тазысы көрсетілді

Олжас АДАЙ
14 Наурыз 2024, 12:36
3162
Бөлісу:
VIDEO

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 3 тазысы бар, оның бірі – Наурыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің 3 тазысы бар, оның бірі – Наурыз. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды, - деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 

Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.

Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды. Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады, - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы