Тоқаев Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды

24 Мамыр 2023, 18:19
2196
Бөлісу:
Тоқаев Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды
VIDEO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 25 мамыр күні өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеуге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгін Президент «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар форумға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысады, сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы