Тоқаев Виола Амхердті Швейцарияның Ұлттық күнімен құттықтады

Бүгiн, 12:06
108
Бөлісу:
Тоқаев Виола Амхердті Швейцарияның Ұлттық күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күні мерекесіне орай осы елдің Президенті Виола Амхердке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Швейцарияның қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі үшін өзара серіктестіктің одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Президент осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Виола Амхердтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Өзгелердің жаңалығы