Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысын қабылдады: Қазақстан ұйымды дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты

Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады.

 Ақорданың баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 16:23
Бүгiн 2026, 16:23
113
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдап, ұйым қызметі мен оны дамыту бағыттарын талқылады. Қазақстан ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды. Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты. 

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшіні тағайындап, тағы бірнешеуін қызметтен босатты. Бұл кадрлық өзгерістер Қазақстанның сыртқы саяси қызметін күшейту және дипломатиялық байланыстарды одан әрі дамытуға бағытталған.

Наверх