Тоқаев Үндістан мен Кореяға барады: Президентті маңызды күн тәртібі күтіп тұр

12-16 қыркүйек аралығында Президент екі елде болады. Тоқаев халықаралық саммиттерге қатысып, шетелдік әріптестерімен келіссөз жүргізеді.

11 Қыркүйек 2026, 10:06
АВТОР
 Ақорданың баспасөз қызметі 11 Қыркүйек 2026, 10:06
11 Қыркүйек 2026, 10:06
185
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

12-13 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Президент Нью-Делиде «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналған «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді.

Сапар аясында Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған, - делінген Ақорданың хабарламасында.

14-16 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

15 қыркүйекте Сеулде жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, қазақ-корей кеңейтілген стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады. Бұдан бөлек, Президент Кореяның ірі компаниялары жетекшілерімен кездеседі.

16 қыркүйекте Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Корея Республикасы» бірінші саммитіне қатысады.

Наверх