Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Украина Президенті Владимир Зеленскиймен болған әңгіме жайында twitter-де пікір білдірді.
Владимир Зеленскиймен Украинадағы жағдай туралы сөйлестім. Елдегі әскери іс-қимылдарды тоқтату үшін келіссөздер арқылы уағдаластыққа қол жеткізудің маңызды екенін айттым. Гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға келістік, – деп жазды Тоқаев.