Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын қашан ұсынатынын айтты

10 Қаңтар 2022, 14:22
1923
Бөлісу:
Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын қашан ұсынатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында айтты. 

Мен ертең Парламентке Үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныс енгіземін. Елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселе бойынша нақты міндеттер қоямын. Жақын арада ауқымды лаңкестікке қарсы операция аяқталады. Онымен бірге ҰҚШҰ-ның бітімгерлік миссиясы аяқталады. Ең бастысы – ҰҚШҚ кеңістігінде болашақта осындай оқиғаларды болдырмау. Алдағы жақын болашақта біздің мақсатымыз да осы болмақ деп ойдаймын. Қазақстан бұл жұмысқа дайын және одақтастарын әркез қолдайды, - деді Тоқаев. 

Айта кетейік, отырысқа  Ресей Президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон мен ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы