Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 жеңімпаздарын құттықтады

Бүгiн, 09:35
194
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.

Айта кетейік, Жарыста еліміздің намысын 5 құрама команда қорғады. Нәтижесінде олар Қазақстанның осы турнирге қатысу тарихындағы ең үздік көрсеткіштердің біріне қол жеткізді.

Жалпыкомандалық есепте Kaz SWAT Team C командасы 1-орынды, ал Kaz SWAT Team A командасы 2-орынды иеленді. Ал 3-орын Қытай командасына бұйырды.

Сонымен қатар Kaz SWAT Team B сегізінші орынға, Kaz SWAT Team Tomiris он сегізінші орынға, ал Kaz SWAT Team D жиырмасыншы орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Tomiris командасы әйелдер құрамалары арасында көш бастап, өзге елдердің кейбір ерлер командаларын да артта қалдырды.

Еске салсақ, Президент 2025 жылы UAE SWAT Challenge сайысында топ жарған күштік құрылымдардың бір топ офицерін марапаттаған еді.

Өзгелердің жаңалығы