Тоқаев туралы деректі фильм Youtube-те жарық көрді

8 Тамыз 2019, 18:22
2542
Бөлісу:
Тоқаев туралы деректі фильм Youtube-те жарық көрді
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «31 арнадан» Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресейлік белгілі журналист Алексей Пивоваровқа берген сұқбатының негізінде «Президент 2.0» деректі фильмі көрсетілді.

Сұқбат басында Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті болып сайланған алғашқы кездерде қандай сезімде болғаны туралы айтып берді.

"Алғашқы күндері жаңа лауазымға үйрене алмай жүргенімді мойындаймын. Әсіресе, көпшілік жиналған шараларда "Президент! Президент!" дегенде Нұрсұлтан Әбішұлы келіп қалған шығар деп, жан-жағыма қарайлайтын едім. Бірақ бұл уақытша ғана нәрсе. Жақсы нәрсеге тез үйренесің", - деді Қазақстан президенті.

Сөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің мойнына жүктелген жауапкершілік пен міндеттерді атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстанның тарихынан сөз шерте отырып, мемлекет басшысы өзінің ата-тегі, әкесі, анасы және өзінің балалық шағы, студент болған жылдары туралы толықтай баяндап берді.


Өзгелердің жаңалығы