Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бесінші консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме;
- Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы жастар саясатының жалпы бағыттары туралы келісім;
- Орталық Азиядағы жер үсті көлігінің өзара байланысын нығайту туралы келісім.