Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Солтүстік Македония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

8 Қыркүйек 2025, 21:14
633
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Балқан түбегіндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі саналатын Солтүстік Македония Республикасымен дәстүрлі достық және өзара түсіністік рухындағы ынтымақтастық ұдайы дами беретініне сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы