Тоқаев Сауд Арабиясы Короліне маңызды құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен Сауд Арабиясының халқын Ұлттық күнімен құттықтап, екі ел байланысына қатысты тілегін жеткізді.

23 Қыркүйек 2026, 17:02
АВТОР
 Ақорданың баспасөз қызметі 23 Қыркүйек 2026, 17:02
23 Қыркүйек 2026, 17:02
116
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен оның отандастарын Корольдіктің Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Королі мен ел басшылығының жауапты қызметтеріне толағай табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.

Наверх