Тоқаев Қазақстандағы Ресей елшісін қабылдады

24 Желтоқсан 2019, 21:45
13678
Бөлісу:
Тоқаев Қазақстандағы Ресей елшісін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың даму қарқынына оң баға беріп, ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша, атап айтқанда, сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және мәдени-гуманитарлық салаларында ілгерілеу байқалатынын атап өтті.

Алексей Бородавкин жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы, сондай-ақ, елшіліктің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді.

Өзгелердің жаңалығы