Тоқаев Қытайға 1,5 мың киік береді

17 Маусым 2025, 12:41
1129
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай үкіметіне 1,5 мың киік беру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қытайдың батыс бөлігінде жерсіңдірілетін ақбөкендер көрші елдегі осы жануардың популяциясын қалпына келтіруге септігін тигізбек. 

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, Қытайда ақбөкендер санын көбейту үшін жүйелі шаралар жоспарланғанын жеткізді, - делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды. Қытай төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіліп, балалар қонақты қазақ және қытай тілінде қарсы алды.

Мемлекет басшысы ҚХР төрағасымен келіссөз жүргізіп, жиын барысында Қытай халқы қазақ халқына ешқандай зиян келтірмегенін атап өтті.

Өз кезегінде Қытай төрағасы Си Цзиньпин көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылығын білдірді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды. Белгілі болғандай, Қазақстан мен Қытай жер сілкінісіне қарсы күш біріктіреді.

Өзгелердің жаңалығы