Тоқаевтың Қытайға сапары басталды

<span style="font-weight: 700;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары басталды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.</span>

 Бауыржан ЖУАСБАЕВ  10 Қыркүйек 2019 2019, 21:32
10 Қыркүйек 2019 2019, 21:32
3959

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары басталды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді" - деп жазды Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

IMG_5581-11-09-19-09-28.JPEG

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапары аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы «Hikvision» компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар бағдарлама бойынша «Alibaba» компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған.

IMG_5588-11-09-19-09-28.JPEG

Наверх