Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Құрылысшы күні қарсаңында отандық құрылыс саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін саланың бір топ жұмысшысы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, 4 азамат «Парасат» орденінің және 36 адам «Құрмет» орденінің кавалері атанды. 40 жұмысшы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталып, 72 құрылысшы «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері болды.
Оқи отырыңыз: