Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековті қабылдады.
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің орынбасарларына ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Бұған дейін әскери оқу орындарына өтініштер енді толық онлайн қабылданатыны айтылған еді.