Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанмен бірқатар құжатқа қол қойғаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президент Қазақстан мен Қырғызстан арасында су энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестіру маңызды бағыттардың бірі екенін атап өтті.
Соңғы жылдары трансшекаралық су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдаланудың өзектілігі арта түсті. Осы орайда өзара үйлесімді жұмысты жалғастырамыз деп келістік. Бұл бағыттағы түйіткелдерді тезірек шешу үшін бірлескен шаралар қабылдау қажет. Сондықтан мемлекетаралық су шаруашылығы құрылымдарының жұмыс кестесін жақын арада бекітуге және оны уақытылы орындауға уағдаластық, - деп айтты Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстан барлық міндеттемені толық орындауға және маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын екенін жеткізді.