Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің қоғамдық кеңестермен тұрақты байланыс орнатуы қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Президенттің айтуынша, елдік мәселелер талқыланған кезде қоғамдық кеңестердің мүмкіндіктерін толық пайдалану керек. Бірақ қоғамдық кеңестерде мұндай байланыс та, тәжірибе де болмаған. Сондықтан біз алғаш рет Халық Кеңесі арқылы осы жұмысты қолға аламыз. Елдік мәселелер талқыланған кезде қоғамдық кеңестердің мүмкіндіктерін толық пайдалану қажет. Осы орайда қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіру керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Халық Кеңесі қоғамдық кеңестермен тұрақты байланыс орнатып, оларға жан-жақты қолдау шараларын қарастыруы қажет екенін атап өтті.
Халық Кеңесі қоғамдық кеңестермен тұрақты байланысты жолға қойып, оларға арналған жан-жақты қолдау шараларын қарастыруы қажет.
Үкіметке Қазақстан Халық Кеңесімен бірлесіп, мұндай құрылымдардың кәсіби әлеуетін арттыру жолдарын пысықтауды тапсырамын, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық бақылау мәселесіне де тоқталды.
Тағы бір маңызды мәселе – қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Бұл – Кеңес қызметінің негізгі бағытының бірі.
Дегенмен қазір елімізде қоғамдық бақылауды жүргізудің бірыңғай және нақты тәртібі немесе біртұтас жүйесі жоқ. Бұл жұмысты бағалаудың ортақ өлшемдері де әзірленбеген, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, Халық Кеңесі қоғамдық бақылау саласын жүйелеп, оны ретке келтіруге атсалысуы керек.
Халық Кеңесі қоғамдық бақылау саласын жүйелеп, оны ретке келтіруге атсалысуы керек. Бұл жұмысқа тәуелсіз сарапшылар мен кәсіби мамандарды көбірек тартқан жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін нығайтуға өлшеусіз үлес қосқанына тоқталды.