Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев: Қазақстан басқаруда тепе-теңдік пен ынтымақтастықты таңдап, соғыс емес – бейбітшілікті қолдайды

24 Қыркүйек 2025, 00:35
488
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық және ішкі саясаттағы басты ұстанымдарды атап өтті. Ол елдің басқару реформаларын тереңдету мен жаһандық басқаруды қолдауды негізгі бағыт деп таныды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар, Қазақстан араағайындық пен бітімгерлік миссиясын жалғастыра беретінін жеткізді.

Президенттің сөзінше, Қазақстанның таңдауы — үстемдік емес, тепе-теңдік; жіктелу емес, ынтымақтастық; соғыс емес, бейбітшілік.

Біз халықаралық қоғамдастықтың басқа да мүшелерімен бірлесе отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының бейбітшілік, әділеттілік және ынтымақтастық шамшырағы екенін растауға дайынбыз, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы