Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери борышын өтеу барысында қаза тапқан сарбаздардың аналарының арызын 12 күнде қарауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорлаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурорға әскерде қаза тапқан сарбаздардың аналарынан түскен арыз-шағымды 12 күн ішінде қарастырып, істі тергеу барысында заңның сақталуына баға беруді тапсырды, - делінген Ақоода хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжілісте әскердегі әлімжеттік мәселесі көтерілгенін хабарлағанбыз. Депутат Нартай Сәрсенғалиев ІІМ Ержан Сәденовке әскердегі әлімжеттік пен заңсыздықтарды жою туралы сауал жолдап, соңғы 3 жылда 270 сарбаздан айырылғанымызды мәлім еткен еді.
Оған дейін Маңғыстау өңірінде мерзімді әскери қызметтегі сарбаз жанармай буынан уланып көз жұмғанын жазғанбыз.
Сондай-ақ, Алматы облысында мерзімді әскери қызметте жүрген сарбаздың өз-өзіне қол жұмсағанын да хабарлаған едік.