Тоқаев қандай қауіпке назар аудару керек екенін айтты

8 Маусым 2023, 12:01
744
Бөлісу:
Тоқаев қандай қауіпке назар аудару керек екенін айтты
Фото: Ақорда

Астана халықаралық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қандай қауіпке жіті назар аудару керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жасанды интеллекттен (AI) бастап биотехнологияға дейінгі жаңа технологиялардың жаһандық салдары бар. Дегенмен олар тек мемлекеттер шекараларына ғана жүргізіліп жатыр. Бұл факторлар жаһандық тәртіпті сын сағатқа алып келуде. Сондықтан біз сенімсіздіктің артуын көріп отырмыз, - деп айтты Тоқаев.

Сөзінше, нәтижесінде белгілі халықаралық форумдардың, қолданыстағы шеңберлердің, қауіпсіздік режимдерінің, таратпау тетіктерінің жұмыс істеуіне кері әсерін тигізетін сенімсіздік артып отыр. Осылайша, біз белгісіздікке, өсіп келе жатқан тұрақсыздық пен жанжалға тап боламыз.

Бұл, өз кезегінде, қорғанысқа, заманауи қорғаныс құралдарына жұмсалатын шығындарды ұлғайтады. Жарты ғасырдың ішінде ядролық қаруды қолдану перспективасының алдымызда тұрғаны да соның дәлелі. Қазіргі кезде біз климаттық өзгерістер қаупіне шұғыл түрде назар аударуымыз керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Елордада 8-9 маусым күндері Астана халықаралық форумы өтетінін еске сала кетейік. Оған 300 делегат қатысып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы