Тоқаев пен Путин бірін-бірі телефон арқылы құттықтады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.</h4>

 10 Маусым 2019 2019, 17:44
10 Маусым 2019 2019, 17:44
2777

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгімелесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық жөніндегі ұстанымы жалғаса беретінін айтты.

Қазақстан президенті Ресей президентін алдағы Ресей күні мемлекеттік мерекесімен құттықтады. 

Наверх