Тоқаев пен Ердоған 18 құжатқа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары аясында екі ел арасындағы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытатын 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.

 Ақорданың баспасөз қызметі 29 Шілде 2025 2025, 21:48
29 Шілде 2025 2025, 21:48
970
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Анкарада өткен келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің бесінші отырысын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның қорытындысы бойынша Бірлескен декларация қабылданып, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту жөнінде шешімдер қабылданды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары аясында екі ел арасындағы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытатын 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.

Аталған құжаттар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік, қорғаныс, білім және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтиды. Бұл Қазақстан мен Түркия арасындағы байланыстардың жаңа кезеңге аяқ басқанын көрсетеді.

Наверх