Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті. Не талқыланды?

31 Наурыз 2025, 17:34
599
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Ораза айт мейрамымен құттықтады. 

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды, - делінген Ақорда хабарламасында. 

Сонымен қатар экономикалық кооперацияның, әсіресе, көлік-логистика және инвестиция бағытындағы ықпалдастықтың әлеуетін барынша тиімді пайдалану маңызды екені атап өтілді.

Өзгелердің жаңалығы