Тоқаев Мысыр халқын Революция күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Мысыр Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

23 Шілде 2026, 12:30
АВТОР
 Ақорда 23 Шілде 2026, 12:30
23 Шілде 2026, 12:30
188
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әбдел Фаттах Ас-Сиси мен оның отандастарын Мысыр Араб Республикасының ұлттық мейрамы – Революция күнімен құттықтады.

Бұл  туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
 
Президент жеделхатта берік достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында ұдайы дами беретініне сенім білдірген.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдел Фаттах Ас-Сисидің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Мысыр халқына құт-береке тіледі.

Наверх