Тоқаев Мирзиёевті құттықтады

31 Тамыз 2019, 11:41
1807
Бөлісу:
Тоқаев Мирзиёевті құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке жолдаған құттықтау жеделхатында Өзбекстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген зор жетістіктерін және көпғасырлық достық пен ортақ тарихқа негізделген қазақ-өзбек диалогының қарқынды дамуын атап көрсетті.

Мемлекет басшысы екіжақты байланыстардың жемісті сипатына ерекше мән беріп, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың даму қарқыны жоғары боларына сенім білдірді.

– Біздің бірлескен жұмысымыз бауырлас елдеріміздің көпқырлы стратегиялық серіктестігін одан әрі кеңейтуге кепіл болады деп сенемін, – делінген жеделхатта.


Өзгелердің жаңалығы