Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті

23 Тамыз 2025, 15:10
1362
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы