Мемлекет басшысы Люксембургтің Ұлы герцогін құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің Ұлттық күніне орай Ұлы герцог Анриге құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы құттықтауында Люксембург халқының бірлігі мен ортақ мұратын, сондай-ақ елдің қаржы, цифрлық инновация мен жасыл технологиялар салаларындағы елеулі табысын паш ететін аталған мейрамның символдық мәніне назар аударды, - делінген Ақорда хабарламасында.
Қазақстан Президенті Ұлы герцог Анридің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Люксембург халқына бақ-береке тіледі.