Тоқаев Лукашенкомен байланысқа шықты: Мамыр соңындағы жиын талқыланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты талқылап, Лукашенконы Астанада өтетін ЕАЭО саммитіне шақырды.

Бүгiн 2026, 16:44
АВТОР
 Ақорданың баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 16:44
Бүгiн 2026, 16:44
84
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында президенттер Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынас жүйелі түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша оң динамика байқалатынын атап өтті, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы бірлескен іс-шаралардың кестесін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысына және Еуразиялық экономикалық форум жұмысына қатысуға шақырды. Аталған жиындар мамыр айының соңында Астана қаласында өтеді.

Наверх