Тоқаев Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

17 Ақпан 2025, 14:46
237
Бөлісу:
Тоқаев Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ

Жеделхатта Литва Республикасы бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өз мемлекеттілігін нығайтып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жолында едәуір жетістікке қол жеткізгені жазылған.

Президент Қазақстан мен Литва арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді, - делінген Ақорда хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы