Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Конго арасында мәдение-гуманитарлық байланысты күшейту керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Астана мен Браззавиль арасында мәдени-гуманитарлық байланыс орнату өте маңызды. Мен Конго жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсындым. Бұл қадам ынтымақтастықты нығаята түсері сөзсіз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.
Президенттің сөзінше, екі ел арасында жаһандық және өңірлік құрылымдар аясында ықпалдастық дамып келеді.
Қазіргі геосаяси жағдайда БҰҰ және Африка одағы аясында өзара қолдау көрсету және консультациялар өткізу аса маңызды. Сонымен қатар біз жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке қатысты пікір алмастық. Қазір ең өзекті мәселенің бірі — климаттың өзгеруі. Біз осы қатермен бірге күресіп, тығыз жұмыс істеуге келістік, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.