Тоқаев: Кешегі күнмен өмір сүруді тоқтататын уақыт келді

Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам санасын жаңғырту қажеттігіне тоқталып, "тарихи жарақат алған ұл" психологиясынан арылудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 quryltai.kz 20 Қаңтар 2026, 14:23
20 Қаңтар 2026, 14:23
520
Фото: quryltai.kz

Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам санасын жаңғырту қажеттігіне тоқталып, "тарихи жарақат алған ұл" психологиясынан арылудың маңызын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұрын да айтқам, қазір де атап өткім келеді: біз «тарихи жарақат алған» ұлт психологиясынан біржола арылуымыз керек. Басқа түскен қайғы-қасіреттің бәрін өзге халықтардан көру, ұлтымыздың маңдайына жазылған ащы тағдыр туралы тоқтаусыз пікірталас жүргізу – кешегі күнмен өмір сүру деген сөз, – дейді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлемнің түбегейлі өзгеріп жатқанын айтып, Қазақстан да осы үдерістен шет қалмауы тиіс екенін атап өтті.

Бүкіл әлем өзгеріп жатыр, бізге де өзгеретін уақыт келді. Біз – болашағы жарқын, жолы ашық жас мемлекетпіз. Сондықтан уақыт көшінен қалмай, тек алға қарай жүруіміз керек, – деді Президент.

Наверх