Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттары Нахчыван қаласындағы әуежайды атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды.
Президент болған оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп егжей-тегжейлі тергелетініне, сондай-ақ екі ел арасына сызат салған жағдай аймақтағы ахуалды ушықтырмау үшін дипломатиялық тәсілдер арқылы реттелетініне сенім білдірді, - деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Иран дроны Әзербайжандағы әуежай аумағына құлағанын жаздық.
Белгілі болғандай, Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Иранның Әзербайжандағы елшісін дрондардың құлауына байланысты шақыртты. Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Иран тарапына қатаң наразылық білдіріліп, тиісті нота тапсырылмақ.