Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Тоқаев Хромтаудағы "Болашақ" шахтасының жұмысымен танысты

10 Желтоқсан 2024, 13:02
661
Бөлісу:
 Ақорда
PHOTO
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары "Болашақ" шахтасын аралап көруден басталды. Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 млн тонна хром рудасын өндіруге жетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Тоқаев Хромтаудағы "Болашақ" шахтасының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысына жаңа нысанда 1800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады.

Тоқаев Хромтаудағы "Болашақ" шахтасының жұмысымен танысты

Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов "Болашақ" шахтасы ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатынын атап өтті.

Тоқаев Хромтаудағы "Болашақ" шахтасының жұмысымен танысты

Кәсіпорын "Миллионное" және "Алмас-Жемчужина" кен орындарын игерумен айналысады. Кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын интеллектуалды бұрғылау қондырғысы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сондай-ақ толықтай автоматтандырылған жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолданылады, - делінген Ақорда хабарламасында.

Тоқаев Хромтаудағы "Болашақ" шахтасының жұмысымен танысты

Компания басшысының айтуынша, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты «Болашақ» шахтасын іске қосу еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі тарихи оқиға болмақ.

Өзгелердің жаңалығы